Атырауда «Лидердің» 4 дүкені жабылады

produkty Жаңалықтар

Атырау қаласында Еркінқала, Геолог, Сарықамыс және Ракуша елді мекендеріндегі «Лидер» супермаркеттер желісінің 4 дүкені жабылады. Бұл жағдайға байланысты облыстық жедел штабтан нақты мәлімет алдық.

Белгілі болғанындай, бизнес иелері Атырау қаласындағы су тасқыны болуы мүмкін деген болжамдары негізінде осындай шешім қабылдап отыр.

-«Лидер» супермаркеттер желісінің өкілдерімен төтенше жағдай кезінде өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті ұсыныстар берілді. Аталған мекен-жайлар бойынша супермаркеттердің жұмыс істейтіні, не істемейтні туралы шешімді бизнес иелері шешеді. Оларға қолданыстағы заңнаманы сақтамаған жағдайда жедел штаб заң аясында тиісті шаралар қабылдайтын болады, – дейді Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз