Атырауда білім мекемелері басшыларының байқауы өтті

whatsapp image 2019 12 25 at 12.30.11 2 Жаңалықтар

 Atr.kz/25 желтоқсан, 2019 жыл.   Атырауда алғаш рет «Парасатты мектеп басшысы» деген атаумен облыстық байқау өтті, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Байқауда облыстың мектеп басшылары бақ сынады. Олар байқау барысында «Мен – адалдық жаршысы, ту ұстаған», «Білікті басшы – өнерлі басшы» және «Ұшқыр ойлы басшы» кезеңдері бойынша білімдерін сарапқа салды. 
Сайыстың бірінші кезеңінде  қатысушылар қызметі, жетістіктері мен мектепті кәсіби басқару әдістеріне арналған бейнеролик дайындап, екінші кезеңде өнерлерін ортаға салды. Ал, білім деңгейін бақылайтын шешуші кезеңде білім саласы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларына сәйкес қатысушыларға сұрақтар қойылды.
Аталған кезеңдерде Қызылқоға ауданы Кенбай орта мектебінің басшысы Бекбол Омаров үздік шығып, «Парасатты мектеп басшысы» аталымына лайық деп танылды. Ол ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті атынан І дәрежелі дипломмен марапатталды.

whatsapp image 2019 12 25 at 12.30.10
whatsapp image 2019 12 25 at 12.30.11 1
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз