
ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...
Атырауда базарлар мен сауда орындары жұмыс жасай ма?
«Атырау базарлары мен сауда орындары Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сай жұмыстарын жасай береді», — деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Кей әлеуметтік желіде «Атырауда базарлар 5 қаңтарға дейін жұмыс істемейді» деген жалған ақпарат тарады. Осыған қатысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Атырау базарлары мен сауда орындары әдеттегідей қалыппен жұмыстарын жалғастыратынын айтты. Олар дүйсенбі және жұма күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін, сенбі күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Санитария шараларының күшейтілуіне байланысты тек жексенбі күні жұмыс істемейді.