Атырауда  жағалауды нығайту жұмыстарына қосымша жол техникалары тартылды

img 20240416 wa0145 Жаңалықтар

«Атырауинжстрой» ЖШС Бас директоры Константин Шиннің айтуынша, компанияның жол техникасы аймақтағы су тасқыны басталғаннан бері жағалауды нығайту жұмыстарына тартылған.

⁃ 120-дан астам арнайы техника мен 150 жұмысшы персонал жол-құрылыс жұмыстарынан жағалауды нығайту жұмыстарына ауыстырылды.

Біздің компания  Қызылқоға ауданындағы су тасқынына қарсы шараларға да қатысқан болатын.

Біз қазір Сарайшық, Махамбет ауылдарының аумағында, сондай-ақ, Атырау қаласында жұмыс істеудеміз.

Жұмыс тәулігіне 24 сағат екі ауысымда жүргізіледі, – деді Константин Шин.

Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз