Жарнама
ЖаңалықтарБілім

Атырауда бастауыш сынып оқушыларынан құрылған ұлт-аспаптар ансамблінің есептік концерті өтті

Мақат  ауданының № 2 бастауыш мектебінің  ұлт-аспаптар ансамблі «Біз — тәуелсіз елдің ұрпағымыз!» — атты есептік концертін берді, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

— 2022 жылы қараша айында облыс әкімдігінің қолдауымен осы ұлттық жобамыз бастау алды. Қажетті аспаптар сатып алынды. Балалардың өнерге талпынысы керемет. Қазір ансамбль құрамында 15 оқушы бар, оқу жылының соңында 30 оқушымен тағы да концерт қоюды жоспарлап отырмыз — дейді № 2 бастауыш мектептің директоры Руслан Баймұқашев. 

Оқушылар домбыра, асатаяқ, жетіген, бубен,кахон сияқты аспаптарда халықтық ән-күйлермен қатар, әлем классиктерінің туындыларды да орындап, көпшілік ілтипатына бөленді.

c9cfff63 9568 426c be74 1ae0eeb11679

Ансамбль мүшелерінің ең кішкентайы — 7 жаста, ал, ең үлкені — 9 жаста. 

Айта-кету керек, бастауыш сынып оқушыларынан құралған ансамбль еліміздегі  мектеп қабырғасында құрылған алғашқы өнер ұжымы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button