Контратенор опера әншісі Ерік Құрманғалиев туралы ролик жұртшылықтың жүрегін елжіретті (+ ВИДЕО)

kurmangaliev БЕЙНЕЖАЗБА

«Атырау – Ақпарат» медиахолдингі «Біздің жерлестер» жобасын іске қосты. Жоба аясында жарыққа шыққан ролик контратенор сарынды әнші Ерік Құрманғалиев туралы 11 деректен тұрады» деп хабарлайды Atr. kz

Дүние жүзіне танылған опера әншісі Ерік Құрманғалиев Жылыой ауданының Құлсары қаласында өмірге келген. Қарапайым дәрігерлер отбасында туып өскен Ерік Құрманғалиев Алматы консерваториясындағы дайындау бөлімінде, кейін,  Гнесиндер атындағы Мәскеу саздық-педагогикалық институтында оқиды.

1988 жылы Бостон қаласында өткен кеңестік саз фестивалінде Ерік Құрманғалиев «ғаламат феномен» атына ие болады. Оны сол кезде аты аңызға айналған опера әншісі Федора Барбиеримен салыстырған.

Әр жылдары Ресей, Украина, Латвия, Эстония, Литва, Қазақстан, Татарстан, Нидерланд, Бельгия, Мажарстан, Югославия, Франция, Грекия елдерінің сахналарында өнер көрсеткен Ерік Құрманғалиев Пьер Карден шақыруымен Париж сахналарына шығып, әлемді таңырқатқан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз