Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда бас шырша шамдары жарқырай жанды

Кеше кешкісін Атырау қаласындағы Исатай-Махамбет алаңында қаламыздың бас шыршасының шамы  жағылды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

img 3978

Қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа жылдық тілегін білдірді. 

Кеште жергілікті өнерпаздар өнерлерін көрсетті. Аяз ата мен Ақшақар кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар таратты. Қыс қызығы енді басталғандай. Қала тұрғындары мен жастары бас шыршаның алдына суретке түссе, бүлдіршіндер шырша маңына шаналарын сүйреп қызықты ойынға кенелді. 

img 3996

Айта кетейік биылғы бас шыршаның биіктігі — 18 метр. Қаланың көрікті жерлерінде  жеті жаңа жылдық шырша құрылды. 

Нұргүл Насыр

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button