Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда балық тиеген кеме мұз құрсауында қалды

Атырауда жеті тонна балық тиеген кеме мұз құрсауында қалды. Теңізден балық аулап келе жатқан балықшылар Жайық өзеніне алты шақырым қалғанда таяз жерге тірелген. Қатты желде судың келуін күтіп тұрғанда, аяқ астынан аяз түсіп, канал мұзға айналған. Үш апта бойы тұрған кеме енді көктемге дейін жағаға шыға алмайды.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

— Кемені мұз қысып тастамауы үшін күн сайын таңертең мұз оямыз. Мұз қысса кеменің корпусын жарып жібереді. Сондықтан күнде ойып тұрамыз. Кей кезде түнімен 5 см қалың болып қалады. Бүгін қалыңдығы 3 см болды, аяз сәл қайтты, — дейді кеме капитаны
Иван Павлов.

Қайранда қалған кемені «Амангелді» балық шаруашылығы мекемесінің жұмысшылары күні-түні күзетіп жүр. Су көлігі бүлінбесін деп, айналасына қатқан мұзды ойып тұрады. Өйткені күн жылынып мұз ерімейінше, катерді мұз құрсауынан шығару мүмкін емес. Балықшылардың теңізге шығатын кемесі су ортасында қалса, кәсіпорын 500 мың доллар шығынға батады.

Кәсіпкерлердің мұндай қиындыққа тап болуына теңіз сағаларының тазаланбауы себеп. Яғни каналдардың түбін тереңдету жұмысы  мүлдем жүргізілмеген. Ал шенеуніктер оған қыруар қаражат кетеді деп қол қусырып отыр.

— Жайық бойынша 7 миллиард, Қиғаш бойынша 11 миллиардтай қажет. Осы сұранысты тиісті органдарға, министрлікке жолдадық, — дейді Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасының басшысы  Артур Сәдібекұлы.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button