Атырауда «Ақ жол» демократиялық партиясының «ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫНА – 100 ЖЫЛ» медалі табысталды

img 20210610 wa0083 Жаңалықтар

🎖️«ҚАЗАҚ РЕСПУБЛИКАСЫНА – 100 ЖЫЛ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ!

✔️Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толу құрметіне, Алаш ұлттық идеясын насихаттауға және 2020-2021 жылдары өткен сайлау науқанында демократия қағидаттарын қорғауға қосқан үлесі үшін бірқатар атыраулық азамат арнайы медальмен марапатталды.

🔘Мерейлі медальді әріптесіміз Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі Амандық Сағынтайұлы да кеудесіне қадады. Сондай-ақ, бұл қатарда Әбілхан Сейтімұлы, Айсұлу Қондыбаева, Қуантай Қалманов, Қуаныш Ілиясов, Қадырғали Жапаров, Сәнімгүл Толықбаева және басқалар бар. Осыған орай, «Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов Нұр-Сұлтан қаласынан жеткізілген марапатты өз иелеріне салтанатты түрде табыс етті. 

  • 🔵– Сайлау науқанында ерекше белсенділік танытқан азаматтарға партиямыздың төрағасы Азат Перуашевтің атынан алғыс айтамын. Партия президиумының шешімімен тағайындалған марапат құтты болсын! Жұдырықтай жұмылып, мемлекеттік маңызы зор жұмыстарды бірге атқара берейік. Бірлігі бекем елге ешбір жау жолай да алмайды. Сондықтан бір мақсат, бір мүдде жолында еңбек етейік. Кешегі алаш аңсаған азаттықтың қадірін білейік. Халқымыздың әл-ауқатын арттыруға жұмыстана берейік, – деді филиал төрағасы.
inshot 20210617 165925677
img 20210610 wa0068

⭕Төсбелгі тағып, абыройы артқан азаматтар арасынан «Ақжайық-Атырау» автопаркінің директоры Қуантай Қалманов та табылды. 

🔴– Мұндай мемлекеттік маңызы мол марапатқа алғаш рет ие болып отырмын. Теңізге тамған ташыдай болған аз ғана еңбегімді бағалап, құрмет көрсеткен «Ақ жол» партиясы мен оның жергілікті филиал ұжымына ризашылығымды білдіремін. Бұл осымен жұмыс аяқталып қалады деген сөз емес. Біз сияқты жастардың белсенділігі бәсеңдемеуі керек деп ойлаймын. Өйткені, алда атқарар жұмыс көп. Басты мақсат – халықтың мұң-мұқтажын жауапты орындарға жеткізіп, жергілікті мәселелерді шешу, – деді ол бізбен әңгімесінде. 

«Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы

img 20210610 wa0077
img 20210610 wa0080
img 20210610 wa0084
img 20210610 wa0070

#aqjol_news
#aqjol_atyrau
#aqjol_bugin
#aqjol_alash
#sailau2021

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз