Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

АТЫРАУДА БАЛЫҚ АУЛАУ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Atr.kz/15 наурыз, 2019 жыл. Atr.kz/15 наурыз, 2019 жыл. Атырауда Жайық өзеніндегі мұздың толықтай еруіне байланысты, өндіріс кооперативтерінің балықшылары балық аулау маусымын бастады

Балық аулау жұмыстарына бірінші болып «Амангелді» ЖШС кәсіпорнының бригадасы шықты. Атырау облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы (балық инспекциясы) жетекшісінің орынбасары Арман Молдашевтың айтуынша, осы ЖШС балықшылары өзеннің төменгі жағында «Золотенок» және «Төменгі Дамбадағы» екі бағытта балық аулай алады.

Үш күн бойы (12 наурыздан 14 наурызға дейін) «Амангелді» ЖШС балықшылары белгілі бір түрдегі 12 тоннадан астам балықты ұстады: «Золотенок» учаскесінде 5,426 келі, «Төменгі Дамба» учаскесінде — 7,153 келі.

Негізінен, ауланған балықтардың арасынан қаракөз, сазан, табан, жайын, және қылышбалықтардың бар екені байқалады.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button