
Жаңалықтар
Атырауда байдарка және каноэда ескек есуден қала чемпионаты басталды
Астана күніне орай ұйымдастырылған спорттық дода екі күнге жалғасады. Оған 60-тан астам жасөспірім қатысуда.
Байдарка чемпионатына 2005-2010 жылы туған ұлдар 1000, 500, 200 м, 2011 жылдан төмен туған ұлдар 200 м, 2007-2010 жылы туған қыздар 500,200 м қашықтықта бақтарын сынайды.

Ал каноэ бойынша 2008-2010 жылы туған және одан кіші ұлдар, 2008 жылы туған және одан кіші қыздар 500,200 м қашықтықта жарысуда.
Айта кетейік, чемпионат облыстық есу спорты федерациясының, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.