Атырауда автокөлік терезесін сындырып 2 млн теңге ұрлаған күдіктілер ұсталды

2017 11 09 20 29 11 7fb69e4a c573 11e7 b0fa 06f7ed071225 1 Жаңалықтар

12 қазан күні 13:31 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына 1986 ж.т., қала тұрғыны қоңырау шалып, 12 қазан күні сағат 12:50-13:25 аралығында белгісіз адам Kia Sportage маркалы автокөлігінің жүргізуші жақ терезесін сындыру арқылы ішінен 2 млн теңге ақшасын ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама берген.

Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде, қала аумағында орналасқан бейнебақылау камералары арқылы жәбірленушінің көлігінің артынан Ваз 2114 маркалы автокөлігінің еріп жүргендігін байқаған. Алайда, аталған автокөліктің қала аумағынан шығып кетуіне байланысты, аудандарға тез арада бағыттама берілген.

Бағыттама бойынша, күдікті автокөлікті Индер ауданы, Жарсуат ауылынан 132 шақырым тұсынан полиция қызметкерлері тоқтатып, Ваз 2114 автокөлігін және оның 1977 ж.т., жүргізушісі мен 1974 ж.т., 1981 ж.т., жолаушыларының жеке заттарын тінту кезінде автокөлік ішінен пакетке оралаған ұрланған 2 млн теңге ақша табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді. Олардың Орал, Ақтөбе және Шымкент қалаларының тұрғындары екендігі белгілі болды.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ның 3 бөлігімен (Ұрлық) қылмыстық іс тіркеліп, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған азаматтардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз