Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

АТЫРАУДА АУДАРЫЛҒАН ЖҮК КӨЛІГІ ЗАҢСЫЗ ҚЫЗАНАҚ ТАСЫМАЛДАҒАН

Елімздегі орын алып жатқан келеңсіз жағдайларға байланысты ҚР ҰҚК ШҚ күшейтілген жұмысы барысына көшірілді.

Шекара заңнамаларын бұзған фактілерде орын алып жатыр. Солардың бірін бүгін ҚР ҰҚК ШҚ Атырау облысы бойынша департаментіне қарасты «Құрманғазы» (автокөліктік) бақылау бөлімінің қызметкерлері анықтады.

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Орал, Армения бағытындағы «КАМАЗ» жүк көлігі тексерілді. Тексеру барасында Ресей елінің азаматы Қазақстаннан Армения еліне 60 тан астам жалпы соммасы 4 000 000 тг астам мүйізді ірі-қара өткізбекші болаған. Ауыл шаруашылық министірлігің 2022 жылдың 6 қаңтарында талаптарына сәйкес, 4 ай мерзімінде мүйізді ірі — қара шекарадан өткізілмейді.

Заң бұзған Ресей азаматымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Шекарадан өткізілмеді.

Осы оқиғамен қатарласа тағы бр заң бұзушылық анықталды. Бұл жолы шекарашылар Ресей елінен Қазақстанға бағыт алған «ВОЛЬВО» жүк көлігінің тексерді. Тексеру барысында Ресей елінің азаматы фитосанитариялық құжаты жоқ 2 тоннаға жуық жалпы соммасы 1 000 000 тг астам көкөністер және жемістер алып өтпекші болған. Анықталған Ресей азаматына ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы заңнамасында көрсетілген 400 бабқа сәйкес 20 айлық есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Іс Құрманғазы ауданы бойынша құзырлы мекемеге тапсырылды.

Өмірбат АЙТӘЛІ,

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаментінің ақпарат бөлімінің офицері, аға лейтенант

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button