Жаяу жүргіншінің жанайқайы

raprarara Жаңалықтар

ҚАЛАНЫҢ КЕЙ ЖЕРЛЕРІНДЕ, ӘСІРЕСЕ ШЕТКІ ӨҢІРЛЕРІНДЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ ЖОЛЫ АЗ. МҰНЫ ӨЗ АЛДЫНА БӨЛЕК ТАҚЫРЫП ДЕЙІКШІ. БІЗДІҢ БҮГІНГІ АЙТПАҒЫМЫЗ, ЖАЯУ АДАМ ЖҮРЕТІН ТРОТУАР БОЛСА ДА ОНЫ ПАЙДАЛАНА АЛМАЙ ОТЫРҒАН ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ШАҒЫМЫ ТУРАЛЫ.

Редакцияға қоңырау шалған Атырау шағынауданы тұрғындарының көтерген мəселесі осы болды. Олардың айтуынша, ауданның басты деген көшелерінде тақтайдай тегіс тротуарлар бар. Бірақ, беті топырақтан толғандықтан жаңбырлы күндері онымен жүру мүмкін емес.

– Шағынауданның көшелері осыдан он бес жыл бұрын асфальтталған болатын. Сол кезде басты көшелерге жаяу жүргінші жолы салынған еді. Жылдар өте келе оны құм басты. Қазіргідей жауын-шашынды мезгілде үсті ми батпақ болады. Əсіресе мектепке баратын оқушыларға қиын. Балаларымыз балшықтан қашып, асфальтқа шығып кетеді. Көлікпен жағаласып тар көшеде жүргендерін көргенде зəреміз қалмайды. Соның ішінде Ə.Молдағұлова көшесінің ауданға қарасты бөлігі, М.Шоқай жəне М.Қашқари көшелеріндегі жаяу жүргінші жолы үнемі ми батпақ болып жатады, – дейді аудан тұрғыны Т.Мырзалы.

Аталған мəселеге байланысты Атырау қаласының əкімдігі өкілінің айтуынша, бүгінде көшелер мен жаяу жүргінші жолдарын тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іс-шаралар Құрманғазы көшесінен бастау алған.

Диас НАУРЫЗАЛИЕВ

Фото: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз