ЖаңалықтарЭкономика
Атырауда әскери полигоннан қайтарылған жер жергілікті шаруаларға берілуі мүмкін
Atr.kz/18 наурыз, 2020 жыл. Атырау облысында бұрынғы әскери полигонның 624 мың гектар жері қайтарылды.
Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан Арыстан мәлім етті.
«Тайсойған әскери полигонының жері Қазақстан иелігіне қайтарылғаннан бергі 2 жыл ішінде топырақ пен судағы зиянды заттарға зерттеу жүргізілді. Зерттеу қорытындысында 624 мың гектар жер көлемі экологиялық тұрғыдан таза, әрі ауыл шаруашылығы саласына пайдалануға жарамды екені белгілі болды» -деді Қадыржан Арыстан.
Оның айтуынша, зерттеу қорытындысы жергілікті әкімдікке берілді. Енді бұл жерді ауыл шаруашылығы мақсатында игеру үшін жергілікті шаруаларға беруге болады.
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ