ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАРҒА – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК

Достар, өздеріңізге мәлім, көктемгі су тасқыны бүкіл Қарағанды облысы аумағына елеулі залалын тигізіп отыр. Тасыған жойқын су жолдарды, көпірлерді, тұрғын үйлерді тас-талқан етіп, адамдардың малы мен дүние-мүлкін ағызып әкетті. Апат аймағындағы халықты құтқарушылар қауіпсіз жерлерге көшіруде.

Күні бүгін бұл өңірде өте ауыр жағдай қалыптасқан. Жергілікті тұрғындар тасыған су деңгейінің түспек түгілі, қайта әлі көтеріліп жатқандығына қатты алаңдаулы. Апат аймағында 2500-ден астам отбасы қалды, зардап шеккендер саны – 11516 адамға жетті. 

Адамдар күнделікті қажетті тауарларға – жылы киімдерге, аяқ киімдерге, ішкі киім-кешекке, балалар киімдеріне, төсек-орынға, санитарлық-гигиеналық тауарлар мен тамаққа аса зәру. Олар біздің көмегімізді күтеді.

Қазақстанның Қызыл Жарты ай қоғамы эвакуациялық бекеттерде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетушілер үшін қажетті нәрселерді жинастыруда.

Біз барша қазақстандықтарды апат аймағындағы отандастарымызға қол ұшын созып, көмек көрсетуге шақырамыз. Сіз өзіңіздің қаржылай көмегіңізді Қызыл Жарты ай қоғамы Қарағанды облыстық филиалының есеп-шотына аударуыңызға болады. 

Есеп шот реквизиттері:

ҚР Қызыл Жарты ай қоғамы Қарағанды облыстық филиалы

100019. Қарағанды қаласы, Кривогуза көшесі – 3

РНН 302000015917, ИИК КZ 349261101108562000,

БИН 95021002154

Казкоммерцбанк АҚ БИК  KZKOKZKX   Код 18

Экономика секторының коды – 8 

Есеп шотқа келіп түскен қаражат пен оның мақсатты жұмсалуы туралы ақпараттар Қызыл Жарты ай қоғамының сайты мен әлеуметтік желілерде жарияланатын болады. 

Ел болып көмектесейік, қадірлі ағайын!

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз