Жарнама
ЖаңалықтарБЕЙНЕЖАЗБАҚұқық

Атырауда әскери форма кигендерге айыппұл салып жатыр (+ВИДЕО)

Қазақстанда кез келген азаматқа әскери форма киюге тыйым салынған. Заң бұзғандар айыппұл төлейді.

Атырауда әскери полиция қызметкерлері тұрғындарға камуфляж киімін киюге болмайтынын түсіндірді.

«Әскери киім киюге болмайтынын қазір ғана білдім. Менің ұсынысым, мұндай киімдердің дүкендерде сатылуына да тыйым салу керек  Бұл киім қыстың суық күндері өте жылы. Сондықтан көп адам кигісі келеді. Әрі, өте жоғары сапалы материалдан тігілген» дейді Атырау қаласының тұрғыны Нұрғиса Ахметұлы.

Расымен де, қазір әскери форманы кез келген сауда орнынан табуға болады.

«Әскери форма қарапайым халық арасында үлкен сұранысқа ие. Олар оны арнайы немесе жұмыс киімі ретінде пайдаланады. Ал, қатардағы азамат камуфляжбен қылмыс жасаса, қоғам мұны әскери қызметшінің қылмысы ретінде қабылдайды. Бұл қарулы күштер мен әскери қызметшілердің беделіне нұқсан келтіреді» дейді Атырау әскери полициясының қызметкері Бақтияр Дәуренқұлов.

Айта кетейік, жеке тұлғалар үшін 14 мың теңге, ал, заңды тұлғалар үшін 70 мың теңге айыппұл салынады.

Атыраудың өзінде арнайы тексеріс барысында 28 ескерту жасалды. Заңбұзушылықты қайталағандардың шарасы алынады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін «Кентал» есімімен белгілі әнші мен блогер Нұртаза Нұрбек полиция киімін киіп видео түсірген болатын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

https://www.youtube.com/watch?v=FWt3_f5aoaw

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button