Тұңғыш кәсіби дәрігер

I6Ifh5Y2ZOM Білім

Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханасында қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби дәрігерлердің бірі Қажығали Мәмековтің «Есімдегі есімдер» атты кітабының тұсаукесері өтті.

i6ifh5y2zom

Кронштадт қаласындағы Николаев теңіз госпиталы жанындағы медициналық мектептің 1905 жылғы түлегі Қажығали Мәмеков одан бұрын Жәңгір мектебін және орысша үш айлық курсты үздік бітірген екен.

Өмір жолында кездескен қазақтың жайсаң азаматтары жайлы білген-түйгенін соңына жазып қалдырған ол кісінің жазбалары өлкетанушы, Жаратылыстану ғылымдары Академиясының академигі Өтепберген Әлімгереевтің қолына түседі. Сөйтіп, «Атырау-Ақпарат» баспасынан жарыққа шыққан.

uurijttm1j0

Кездесуде Қазақстанның Құрметті журналисі Төлеген Жаңабай  аталмыш кітаптың құндылығына тоқталып, өлке тарихына қосылған үлес ретінде бағалады.

Ал, өлкетанушы, жазушы Өтепберген Әлімгереев те автордың өмірі,  тағдыры туралы толғанды. Сөйтіп, өңіріміздің шежіресі тың жаңалықпен толықты.

Гүлзада Ниетқалиева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз