Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда аналарға алқа тапсырылды

Atr.kz/18 желтоқсан, 2019 жыл.  Атырау қаласы әкімінің  орынбасары  Ұлықбек  Тінәлиев  көпбалалы  аналарға  «Алтын алқа»  және «Күміс алқа» марапатын табыстады.

Ұ. Тінәлиев алтын құрсақты  аналарды құттықтай отырып,  бұл  қошемет мемлекеттің әйеланаларға әрдайым көңіл бөліп отырғандығының айғағы екендігін атап өтті. «Тәуелсіз еліміздің  ұлықты ұлдары мен қылықты қыздарын тәрбиелеудегі еңбектеріңіз зор. ҚР Президенті Қ.Тоқаев та көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырған болатын.

Енді  2020  жылдан бастап  мұндай отбасылар әлеуметтік қолдауды жаңа форматта алатын болады» деді қала әкімінің орынбасары. Шара  барысында «Алтын  алқа»  иегері,  И. Тайманов    атындағы  мектептің  қызметкері  Майра Нигметова  сәбилерді  марапат  үшін  емес,  ұрпағының  жалғасы  үшін  дүниеге  әкелгенін  айтады.

 Өйткені,  мәңгілік  ел  ұландары  –  тәуелсіз  мемлекетіміздің  болашағын  жалғайтын тірегі.     Тәуелсіздік  мерекесі қарсаңында құрметке бөленген аналар жергілікті әкімдікке ризашылықтарын айтып,  қызметтеріне  сәттілік  тіледі.

dsc 0036

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button