1038121016

Атырауда ана мен бала өлімі өскен

Жаңалықтар Медицина

Atr.kz/19 ақпан, 2020 жыл.  Тұрғындарға медициналық көмек көрсетуде былтыр екі нысан іске қосылса, 12 ғимараттың құрылысы жүргізілуде.


Өңірде  аталмыш салада бірқатар жұмыс жүргізілсе де, өкініштісі ана мен бала өлімі көрсеткіштері өскен. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындар алдындағы есеп беруінде баса айтты.


«Дәрігер жетіспеушілігі мәселесі әлі күнге толық шешімін таппады. Былтыр өңірге 130 дәрігер маман келді. Әлі де 200 маман жетіспейді. Бұл ретте кадр жетіспеушілігі мәселесін жоюда Жоғары медициналық білім беру орындарына биылға 110 грант бөлу жоспарланды.

Сондай-ақ, сала қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз етуде құжаттар қабылдануда. Қазіргі уақытта 89 медицина қызметкері баспаналы болды» деді М.Досмұхамбетов.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған