Тасшағылда жыл аяғына дейін спорт кешені пайдалануға беріледі

amanat 1 Жаңалықтар

Қызылқоға ауданында  «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар өте көп. Бірнеше жылдан бері халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер сайлауалды бағдарлама негізінде кезең-кезеңімен шешімін табуда.

Солардың бірі – биыл сәуір айында басталып, бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқан Тасшағыл ауылындағы 150 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы.

amanat 2

-Үнемі жиналыстарда мектеп басшысы ретінде осы мәселені көтеріп жүрдім. Себебі, бүгінде ауыл жастары аптасына екі рет мектептің спорт залында жаттығады. Оған қоса мектептегі кестеге сай дене шынықтыру сабақтары мен оқушылардың жаттығуы бар. Соған қарамастан тасшағылдық спортшылар түрлі аудандық, облыстық сайыстарда жүлделі орындар иеленіп жүр. Мектептің бір ғана спорт залы тұтас бір ауылдың балалары үшін жеткіліксіз еді. Биыл басталған спорт кешенінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқанына қуаныштымын. Мердігер мекеме жұмыстарын сапалы жүргізіп, жоспарлы уақытта  ел игілігіне тапсырса деген тілегім бар.

Енді мектеп оқушылары мен ауыл жастары бос уақытын тиімді пайдаланып, спортпен шұғылданып, ауылдан әлемге танымал спортшылар шығатынына сенімім мол, –  деді Тасшағыл орта мектебінің директоры Ляззат Ақтәжиева. 

amanat 3

Мердігер компания «БатысСтройСервис Атырау» ЖШС-і нысанды жоспарланған уақыты – жыл аяғына дейін тапсыруды көздеп отыр.

Айта кетейік, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында биыл Тасшағыл ауылында Махамбет Өтемісұлы атындағы мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Нұргүл Насыр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз