Атырауда алғаш рет Құрбан айт ауқымды деңгейде атап өтіледі
Құрбан Айт мерекесінің құрметіне Атырау қаласындағы орталық «Исатай – Махамбет» алаңында киіз үйлер тігіліп, мейрам салтанатты жағдайда атап өтіледі, деп хабарлайды amin.kz.
Ұлттық ойындар бойынша түрлі жарыстар ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге айттық сыйлықтар таратылады.
«Мақсатымыз – Құрбан айтты жалпыхалықтық деңгейдегі мерекеге айналдыру. Және дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу. Халқымыз ықылым заманнан жақсылық жасауға жаны құмар. Құрбан Айт мерекесі де – жақсылық істер арқылы сауап жинауға үндейді. Бұл күні құрбан шалып, құрбан малының етін таратумен бірге, адамдар бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдіруі қажет. Жақсы сөз – жарым ырыс. Әрі мерекені балаларға сезіндіру мақсатында бүлдіршіндерге тосын сыйлар дайындап үстіндеміз» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, биыл Құрбан айт 28, 29, 30 маусым күндері аталып өтеді.