Атырауда алғаш рет!
Жуырда дебаттан республикалық «ATYRAU CUP VI» облыс әкімінің кубогіне турнир өтті. Оған еліміздің 8 облысынан 32 командадан 64 жас қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Бұл турнир биыл алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ол қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, көпшілік алдында сараптау арқылы жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру мақсатында өтті. Еліміздің әр өңірінен келген жастардың белсенді қатысуы қуантарлық жайт. Баршаңызға алғысымды білдіре отырып, жүлдегерлерді марапатымен құттықтаймын, — деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова.
Турнир нәтижесінде І орынды астаналық «Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам» командасы иеленді. Ал, Ақтөбеден келген «Моно» командасы ІІ орынды, ІІІ орынды семейлік «Лакад мататаг» командасы қанжығалады. Сондай-ақ, «Ең үздік спикер» номинациясы Орал қаласынан келген Айымбек Сарымсақовқа бұйырды.