Құрманғазыда канал суына құлаған екі баланың бірі мерт болды

3fb87ef1 5109 458a 8ce0 d7a945d59840 Жаңалықтар

Қайғылы оқиға Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылындағы тұрғын үйде орын алған.

Атырау облыстық ТЖД хабарлауынша, 

ағалы-інілі екі бала ойнап жүріп, абайсызда Щуче каналының шұңқырына құлап кетеді. 

«Алдымен 2016 жылы інісінің құлап кеткенін көрген 2013 жылғы ағасы құтқармақ болып шұңқырға секіреді. Айналада бірге ойнап жүрген балалар үлкендерді шақырып, дереу көмекке жеткен тұрғындар 2 баланы да судан шығарып алады. Өкінішке орай, 7 жасар бала оқиға орнында қаза болған, ал 10 жастағы бала дереу ауылдық жедел-жәрдем арқылы аудандық ауруханаға жеткізіледі. Қазіргі уақытта  баланың жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің бақылауында», – деді Атырау облысы ТЖД 

Қоғаммен байланыс тобы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз