Атырауда айыппұл төлеуден жалтарған 500-ге жуық көлік арнаулы тұраққа қойылды

58600x901 1a7d1acfd7e01b48bdb1757b5f6d050f Жаңалықтар

Атырарауда «Борышкер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жеке сот орындаушылармен және салық комитеттерімен бірлесіп атқарған жұмыс барысында 500-ге жуық автокөлік айыппұлдарын төлемей жүргендері үшін ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнаулы тұраққа қойылып, ал 700-ге жуық көлік құралдарынан 30 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлдары өндіріліп алынды.

– Осы ретте, жүргізушілерге жолда жүру ережесі қағидасы бойынша құқық бұзушылық жасағаннан кейін 7 күн ішінде айыппұлдың 50% -ын төлеуге болатыны жөнінде ескертеміз, – деді Атырау қаласының патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Дәурен Насиполла.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз