Атырауда аяқ астынан күн салқындамақ…

fb img 1613578746988 Жаңалықтар

Ауа райын болжаушылар алдағы күндері аяқ астынан күн суытатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Алдын ала болжамға сәйкес, елімізде ауа температурасы күрт төмендемек. Әсіресе, 23-25 ақпан күндері ауа райы аяқ астынан құбылуы мүмкін.

«Исландияның салқын ауа массасынан қуат алатын белсенді циклон әсерінен Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауып, боран соғады. Арктикалық антициклон артқы жағына қарай жылжиды. Айналып келгенде, бұл ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкеліп соғады» делінген «Қазгидрометтің» ресми хабарламасында.

Ал, Атырауға келетін болсақ, 23 ақпанда – күндіз 17, түнде 26, ал, 24 ақпанда – күндіз 18, түнде 28, сондай-ақ, 25 ақпанда – күндіз 16, түнде 23 градусты көрсетеді деп болжануда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Сурет: Расул СЕРІКОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз