
Жаңалықтар
Атырауда АЭС салу туралы дәріс өтті
Бүгін, 12 қыркүйекте «Келешек» кәсіподақтар Федерациясы кеңесінің ұйымдастыруымен жастар арасында атом электр станциясын салу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті.

«Келешек» кәсіподақтар Федерациясы кеңесінің басшысы Еділ Ұзақбай жастармен тілдесіп, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінен спикерлер — Ақмарал Әбдешқызы, Владимир Александрович, Асылбек Шахмұратұлы, Райхан Тауфихқызы дәрісті жалғастырды.

Жиында атом электр станциясын салудың тиімділігі, не үшін қажет, маңыздылығы, өзге электр стансаларының экологияға зияны туралы жан-жақты айтылды.