Жеңіс парады алдында екі президенттің не жайлы сөйлескені белгілі болды (+ВИДЕО)

2020062414304958869 2020062413165288970 ubne s.png Жаңалықтар

Atr.kz/24 маусым, 2020 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жақында жарияланған Ресей Федерациясы Президентінің Ұлы Отан соғысы туралы мақаласын талқылады. Осындай видео LIFE SHOT Telegram арнасында жарияланды.

Қазақстан Президенті әріптесін сәтті шыққан мақаласымен құттықтап, оның мағынасы терең екенін баса атап өтті.

– Қызықты және қажет материалдар. Өте жақсы оқылады, стилі де жақсы, – деді Тоқаев Путинге.

Ресей Президенті бұл мұрағат құжаттарының көмегімен жазылған мақала екенін атап өтті.

– Бірде мұрағаттан бір құжаттарды әкеліп беруді өтіндім. Оған басымен кіріп, беріліп кеттіппін. Ақыры осы мақаланы жазайын деп шештім, – деді Путин.

Путиннің «The Real Lessons of the 75th Anniversary of World War II» (75 жылдығы қарсаңындағы ІІ-дүниежүзілік соғыстың сабақтары фактілермен) атты мақаласы «National Interest» америкалық журналында жарық көрді.

Саясаткер бұл материалды дайындауға мәжбүр болғанын, өйткені қазіргі саясаткерлер өткен және болашақ ұрпақ үшін осы қорқынышты қайғылы жағдай қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға жауапты екенін айтты.

«zakon.kz»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз