Жаңалықтар

Атырауда АЭС салу мәселесіне арналған интеллектуалды квиз өтті

Атырау облысының аймақтық волонтерлері фронт офисінің ұйымдастыруымен жастар мен еріктілер арасында «Қазақстандағы атом электр станциясын салу» тақырыбында интеллектуалды квиз ойыны ұйымдастырылды. Іс-шараға облыс аумағындағы белсенді жастар мен еріктілер қатысты.

Бұл интеллектуалды ойынның негізгі мақсаты – қатысушылардың білімін кеңейтіп, ой-өрісін дамыту және бос уақыттарын тиімді пайдалану. Ойын барысында қатысушылар атом электр станциясы тақырыбы бойынша өз білімдерін ортаға салып, түрлі сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара барысында қатысушылар тек қана танымдық білім алып қана қоймай, пікірталас арқылы тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Мұндай ойындар жастардың ойлау қабілеттерін шыңдап, қоғамдағы маңызды мәселелерге көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Квиз ойындарына қатысқан жастар мен еріктілер осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, болашақта да белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button