АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарғалы жатыр

1 32 Жаңалықтар

АҚШ президенті Джо Байден алдағы 24 сағат ішінде Кабулдағы эвакуация мерзімін ұзарту туралы шешім шығаруы мүмкін. Мерзім 31 тамызға дейін белгіленген, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Вашингтон әкімшілігіндегі дереккөз Reuters агенттігіне берген мәліметте, Байден Пентагонға дайындыққа уақыт беру үшін 24 сағат ішінде америкалықтарды Ауғанстаннан эвакуациялау бойынша әскери операцияны ұзарту туралы шешім қабылдайтыны айтылған.

Қорғаныс министрлігі өкілдері мәліметінше, АҚШ әскерімен жұмыс істеген мыңдаған америкалық, одақтас ел азаматтары мен ауғандарды эвакуациялаудан бөлек, қауіпсіздік пен әуеқатынасы жұмысын бақылайтын 6000 әскерді эвакуациялау үшін әлі бірнеше күн қажет.

Өкілдер палатасы барлау комитетінің төрағасы Адам Шифф Ауғанстан туралы брифингтен кейін қалған сегіз күн ішінде эвакуация аяқталатынына сенбейтінін айтты.

Америка президентінің кейбір кеңесшілері қауіпсіздік мақсатында операцияны ұзартуға қарсы. Әкімшілік қызметкерінің айтуынша, Байден бұл мәселеге қатысты шешімін сейсенбіде онлайн режимде өтетін Ауғанстандағы жағдай туралы G7 төтенше саммитінде айтуы мүмкін.

Бұған дейін «Талибан» қозғалысының өкілі Сухейл Шахин 31 тамыз АҚШ әскерін шығару үшін соңғы күн екенін айтқан. Сондай-ақ, АҚШ Ауғанстандағы әскерін көшіру мәселесі бойынша Бішкекке жүгінгенін, бірақ әзірше мұндай форматтағы ынтымақтастық туралы мәселе көтерілмегенін айтты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз