Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 8 айлық сәби өрттен аман қалды

Атыраулық өрт сөндірушілер көп қабатты тұрғын үйден шыққан өрт кезінде 8 айлық сәбиді құтқарып қалды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, оқиға бүгін, 6 маусым күні орын алған. Атырау қаласы Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен түтін шығып жатқаны туралы шақырту түсті.

Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына санаулы минуттарда жетіп, алтыншы қабаттағы пәтердің бірін түтін басқанын анықтады.

Құтқарушылар пәтер есігінің сыртынан құлыпталуына байланысты азаматтық қорғау сержанты Б.Саясатовтың басқаруындағы автосатының көмегімен терезе арқылы бөлмеге өтіп, ішінде кішкентай баланың бар екенін анықтады.

–Азаматтық қорғау аға сержанты А.Кұрманиязов 8 айлық сәбиді түтіннен қорғау үшін қалың көрпеге орап, пәтерден алып шықты. «Апаттар медицинасы орталығының» қызметкерлері баланы тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Құтқарушылардың жедел іс әрекетінің нәтижесінде жанудың әрі қарай өртке ұласуына жол берілмеді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, — дейді департаменттің ресми өкілдері.

Айта кету керек, тілсіз жауды ауыздықтауға құзырлы органдардан 13 қызметкер, 4 техника жұмылдырылды.

Аталған оқиғаға байланысты төтеншеліктер облыс тұрғындары мен қонақтарына тұрмыстағы, пәтердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button