Атырау облыстық мәслихаты табиғатты қорғау іс-шараларының 3 жылдық жоспарын қабылдады

ddd52689 20e0 44c9 a3b2 b235511866fe Жаңалықтар

Эко жобаларға үш жыл ішінде 28,8 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы баяндаған Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Нұрлан Жантоқов іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында қоғамдық тыңдау өткізіліп, хаттамасы эко-порталда орналастырылғанын атап өтті.

– Іс-шаралар  жоспары 7 бағытты қамтиды: атмосфералық ауаны қорғау, су объектілерін қорғау, жерді қорғау, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, қалдықтармен жұмыс істеу, басқару жүйелерін және ең озық қауіпсіз технологияларды ендіру, ғылыми-зерттеу, іздестіру және басқа да әзірлемелер. 2022-2024 жылдар аралығындағы жоспар жобасы 57 іс-шарадан тұрады. Бұл жобалар үшін жергілікті бюджеттен 28,8 млрд теңге қаржы қаралды,-деді Н.Жантоқов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз