
Жаңалықтар
Атырауда 7 көлік иесі экологиялық жауапкершілікке тартылды
Бүгін Атырау облысы бойынша Экология департаменті мен облыстық полиция департаменті бірлесіп, «Таза ауа» атты рейдтік іс-шара өткізді.

Шараның мақсаты – автокөліктерден бөлінетін зиянды заттардың атмосфералық ауаға шығуын бақылау.
Рейд барысында 17 автокөлік құралы тексеріліп, оның ішінде 7 автокөліктен белгіленген нормадан жоғары көлемде ластаушы заттар шығарылғаны анықталды.

Анықталған деректер бойынша Жол полициясы қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес шара қабылдады.
Экология департаментінің мамандары мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлады.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА