Атырауда 67 жасқа келген тұрғын туылғалы құжатсыз жүрген

screenshot 16 1 Жаңалықтар

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының 1955 ж.т тұрғыны ұзақ уақыт бойына белгілі себептерге байланысты жеке басын куәландыратын жеке куәліксіз жүрген.

Аталған оқиға бойынша Қызылқоға ауданының Көші-қон полиция бөлімшесінің қызметкерлері 67 жастағы азаматшаның жеке басын анықтай отырып, заңға сәйкес тиісті құжаттар тізбесін жинақтады. Жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеу арқылы жеке куәлігін дайындап, табыстады.

– Белгілі бір себептерге байланысты жеке куәлік алуға мүмкіндігім болмады. Тәртіп сақшыларының өз құзіреті шегінде атқарған қызметінің арқасында Қазақстанның азаматы екенімді растайтын жеке куәлікті алғаныма қуанып отырмын. Олар бірден мені тіркеуге алып, жедел түрде аз уақыт ішінде жеке куәлігімді дайындап берді. Қызылқоға аудандық Көші-қон полицейлеріне айтар алғыс шексіз – деп мұқырлық тұрғын ризашылығын айтып, ыстық ықыласын білдірді.

Аталған азаматша зейнеткерлік жаста болса да, осы уақытқа дейін зейнетақы да алмай келген. Жеке куәлігімен құзырлы органдарға барып зейнетке шығу құжаттарын тапсырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз