Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 6 мектептің тұсында «Сергек» камералары 40 км/сағ жылдамдыққа ауыстырылады

Атырау қаласындағы 6 мектептің тұсында «Сергек» камералары 40 км/сағ жылдамдыққа ауыстырылады.

«Жаяу жүргінші қатысуымен жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Атырау қаласы аумағында орналасқан білім беретін ұйымдардың тұстарына «Сергек» аппараттық — бағдарламалық кешені орнатылып, 40 км/сағ жылдамдық режиміне іске қосу жұмыстарын Әкімшілік полиция басқармасы қадағалауда», — деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жоспар бойынша 1 қыркүйектен бастап Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектеп, №38 мектеп-лицей, Азаттық даңғылы Мұрат Мөңкеұлы атындағы №6 орта мектеп, М.Өтемісұлы көшесінде орналасқан №17 мектеп лицейі және Атырау индустралдық колледжі атындағы политехникалық колледжі, Бином мектебі тұстарында орналасқан «Сергек» аппараттық — бағдарламалық кешені 40км/сағ жылдамдық режиміне іске қосылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button