ЖаңалықтарҚоғам

Сегіз отбасына жаңа баспана алып берді!

Atr.kz/24 маусым, 2019 жыл. «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы елге үлгі боларлық іс жасады. Мұнайшылар бір күндік жалақысы есебінен Құрманғазы, Исатай, Мақат, Жылыой, Қызылқоға аудандарындағы көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған 8 отбасына жаңа баспана алып берді. Сонымен қатар, азықтүлікпен де көмектесті.

В и к т о р К и м м е н Анастасияның шаңырағы – Құрманғазы ауданындағы көпбалалы отбасының бірі. Алды 15 жас, кенжесі 8 айдағы алты ұл-қыз тәрбиелеген олардың үйі осыдан 23 жыл бұрын өртеніп кеткен. Содан бері баспананың тауқыметін тартып келеді.

– Ұзақ жыл бойы ескі, апатты үйдің бір бөлмесінде тұрамыз. Бұл қыста салқын, жазда ыссы, әрі өте тар. Жаңасын салып алуға мүмкіндігіміз көтермеді. Өзім жұмыссыз ретінде жергілікті биржада тіркеудемін. Ал, зайыбым «Серпер» базарында сауда жасап еді. Қазір бала тәрбиесімен үйде отыр, — деді Виктор Ким.

«Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбековтің айтуынша, 4 мыңнан астам мұнайшы мұқтаж жандарға көмек жасау, бір күндік жалақы есебінен баспанасыз жүрген, көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына жәрдемдесу туралы Үндеу жасапты. Оны компания ұжымы бірауыздан қолдап, 27 млн. теңге көлемінде қаражат жинаған. Аудан әкімшіліктерімен бірлескен арнайы комиссия құрылыпты.

Көмекке мұқтаж жандардың жағдайы сарапталып, нақты қорытынды жасалған.

– Жыл басында Атырауға келген Үкімет басшысының о р ы н б а с а р ы Г ү л ш а р а Әбдіхалықова мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ірі өндіріс басшыларымен, бизнес өкілдерімен кездесті. Сол жиында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй проблемасын шешуге көмектесу мәселесі қозғалды. Осы жүздесу маған ерекше ой салды. Қиналған жандарға қол ұшын созу мақсатында өзім жетекшілік ететін компания ұжымына ұсыныс айтқанмын. Әріптестерім сөзімді жерге тастамады. Рамазан айындағы бастамамыз баянды болып, мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетіліп отыр, — деді «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.

И с а т а й а у д а н ы н ы ң орталығы мен Исатай стансасында мұқтаж жандарға баспана кілті табысталды. Аққыстау ауылындағы Арман Оразақовтың жаңа үйі кең, әрі жарық. Отағасы өзінің денсаулығына байланысты жұмыссыз, жұбайы бала тәрбиесімен отыр. Отбасының қиын жағдайын ескерген ембіліктердің тартуы олардың мерейін өсіруде. Көп балалы Бауыржан Сүлейменовтың отбасы да Исатай ауылындағы толықтай күрделі жөндеуден өткен баспанаға қоныстанды.

Қызылқоға ауданындағы Мұқыр селосының тұрғыны, үш бала өсіріп отырған жалғызбасты ана Ақмарал Бакишеваның отбасы осы күнге дейін бір бөлмелі ағаш үйді жалдап келіпті. Оның өзі айналуға келмейтін тар екен.

«Балаларымның болашағына алаңдайтынмын. Жайлы баспанамыз болғанын қалайтынмын. Осы арманым орындалды» дейді ол.

Ал, Құлсары қаласында бес бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана Гүлбану Қарамолдиева да ерекше қуанышын жасыра алмады. Мақат ауданында екі отбасы жаңа қонысқа көшті. Доссор кентінің тұрғыны Айгүл Сейітова – 6 бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button