Атырауда 6 күн бұрын жоғалып кеткен мал бақташы іздестірілуде

ngngn Жаңалықтар

Атырауда Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым жерде мал бақташысын іздестіру-құтқару жұмыстары алтыншы күн бойы жалғасуда.

29 мамыр күні іздестіру-құтқару жұмыстарына «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Бортында 5 экипаж мүшесі, ТЖД 4 қызметкері және туысқаны бар.

Еске сала кетейік,24 мамыр күні 15:12 сағатта Жылыой ауданында мал бақташысы шаруа қожалықтарының бірінен шығып, кері оралмағаны туралы шақырту түскен болатын. Жоғалған 1986 жылы туылған мал бақташысы 23 мамыр күні 17:00 сағатта Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінен шығып кеткен. Сол күні шақырту түскен бойда дереу іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, ТЖД, полиция қызметкерлері және туысқандары жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Құрманғазы ауданынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Ж.Нажимеденов ауылына қарасты Қошалақ елді мекеніндегі «Теміржанов» шаруа қожалығынан бақташысы үшінші күн қатарынан іздестірілуде.26 мамыр күні сағат 14:00 шамасында мал іздеуге шығып, қайта оралмаған. Іздестіру – құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 4 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз