Халал кафе неге жабылды?

cat mouse 1 Жаңалықтар

«Youtube» желісінде ерекше видео пайда болды. Дәмхананың ішін кезіп жүрген көртышқан  мысықты қуып жүр. Видеоның соңы мысық пен көртышқан арасындағы төбелестен шошынған әйелдің айғайымен аяқталады. «Субһаналлах, кафе «Достар» деп аталатын видеоның нақты қай қаладан жүктелгені белгісіз. Бірақ, 16 секундтық видео, оны көрген адамға жағымсыз әсер қалыптастырып үлгереді.

Осы видеоның жалғасы ретінде, Атырау облыстық сотының сайты хабарлама жариялады. Онда Атырау қаласында орналасқан «Зәм-зәм» асханасының санитарлық талаптарды бұзуына байланысты, он күнге жабылғаны айтылады. Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен, «И.У.Сисенов» жеке кәсіпкерлігіне 226 мың 900 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Аты айтып тұрғандай, «Зәм-зәм» өздерін «халал» атайтын асхананың бірі. Келушілерін көбіне ерекше атауымен қызықтырып жүрген шағын асхананың санитарлық талаптарды бұзуы бір бұл емес екен.

Сот сайтында жарияланған материалда, «Зәм-зәм» асханасының өткен жылы да санитарлық талаптарға олақ қарағаны айтылады. Асханада бірнеше мәрте тексерістер жүргізілді. Санитарлық талаптарды бұзғаны үшін, бірнеше рет ескертулер берілді. Бірақ, кәсіпкер күні бүгінге дейін кемшіліктерді жоюды қажет деп таппай келіпті.

Халал маркасын қазір түрлі мақсатта пайдаланып жатқандар жетіп артылады. Осындай маркамен клиент жинап, қызмет көрсетіп жатқан дәмханалар да өте көп. Ал, олардың барлығы бірдей санитарлық талаптарға жауап бере ала ма? Жоғарыда айтылған видеоны көріп отырып, ойымызға келген сұрақ осы болды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. No naim

    Мен бирнешерет болган зам зам асханасында ишинде мерзими отип кеткен кетчуп майонез дерди клиенттерге бергенин талай коргем