
БілімЖаңалықтар
Атырауда 236 түлек ҰБТ-ға келмей қалған
Atr.kz / 7 шілде, 2020 жыл. Өңірде 21 маусым мен 1 шілде аралығында 3102 талапкер ҰБТ тапсырған. Оның 816-сы — мектептер мен колледждердің өткен жылғы және биылғы колледж түлектері, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының АМУ-дегі филиалының жетекшісі Айнагүл Дүйсекенова мәлімдеді.
— 236 талапкер ҰБТ тапсыруға келмеді. Ұялы телефон мен шпаргалка алып келгені үшін 19 адам тестілеуге кіргізілген жоқ. Ал, 4 адам шпаргалка мен ұялы телефонды қолданғаны үшін аудиториядан шығарылды, — деді Айнагүл Дүйсекенова.
Сондай-ақ, мамандар тест тапсыру барысында ЖРВИ белгілері мен дене қызуы көтерілген талапкерлер тіркелмегенін айтты. ҰБТ әдеттегі форматта 14 кезең бойынша өтті.