Жайық өзенін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды

20181209142815 Жаңалықтар

Комиссия Жайық өзеніне зерттеу жүргізуде, деп xабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

20181209142815

«Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен ведомствоаралық комиссия құрылды. Оның құрамына облыстық Балық шарушылығы басқармасы, Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, Экология департаменті, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, Ветеренариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы, Төтенше жағдайлар департаменті мен Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары енді» дейді Атырау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.

Зерттеу барысында xимиялық сараптамаға қажетті су сынамалары және өлген балықтар мен тірі балықтардың сынамалары алынған. Олар «Республикалық ветеринария зертханасы» РМК Атырау облыстық филиалына және қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жіберілді.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз