Жаңалықтар
Атырауда 3 күнде 8 мас жүргізуші анықталды
Атырауда 10-12 ақпан күндері “Мас жүргізуші қылмыскер” рейдтік акциясын өткізді.
Рейдік іс-шара барысында 1000-нан аса жол жүру ережелерін бұзушылық дерегі анықталып, оның ішінде 8 мас жүргізуші және көлік құралын басқару құқығынан айырылған күйде көлік тізгіндеген 1 жүргізуші анықталған. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Өз кезегінде, атыраулық полицейлер көлік жүргізушілерінен жол жүру ережелерін қатаң сақтап, көлік құралын мас күйде басқару адам өміріне аса қауіпті екенін ескертеді.