img 20200808 wa0042

Атырауда 2,5 трлн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Жаңалықтар Экономика

Биылғы жарты жылдықта Атырау облысында өнеркәсіп кәсіпорындарымен 2,5 трлн. теңге көлемінде өнім өндірілген, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов мәслихат депутаттарының алдында жасаған баяндамасында мәлімдеді.

  • Өндірілген өнімдердің ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 2 трлн. 200 млрд. теңгенің өнімі дайындалған болса, өңдеу өнеркәсібінде – 267 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Аталған көрсеткіштің республика көлеміндегі үлесі 20 пайызды құрайды, – деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

    Сонымен қатар, облыс бойынша 25 млн. тонна мұнай мен 13 миллиардқа жуық текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 107 және 110 пайызды құрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған