Жарсуаттың ЖАЛҒАСЫ –Индерден шыққан елші (+ФОТО)

img 20210409 wa0001 Саясат

Жарсуат ауылы – Жайық өзенінің бұқар бетіндегі ірі елді мекендердің бірі. Жерасты қазбаларына бай топырақ ардақты тұлғаларға да кенде емес. Бұл өлкенің бірегей тұлғаларының қатарында сан саланың мамандары бар. Солардың бірі – елдің дипломатиялық корпусында өзіндік қолтаңбасы бар азамат Жалғас Әділбаев.

Бүгінде Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып еңбек ететін жерлесімізге арнайы байланыс арқылы хабарласып, сұхбат беруін өтінген едік. Жұмыс бастылығына қарамастан, Жалғас Жұмаұлы жерлестерімен пікірлесуге қуана келісім берді. Бұл оның туған жерге деген махаббатын, жерлестеріне деген ықтиятты пейілін аңғартқандай.

img 20210409 wa0003 1

– Жалғас Жұмаұлы, мұнайлы өңірдің мерейін асырған Сізді жерлестеріңіз əркез мақтан тұтады. Өскен ортаңыз, ата-анаңыз бен бауырларыңыз туралы айтсаңыз…

– Өңірдің айнасы саналатын «Atyray`» газетінің сонау алыстан хабарласып жатқанына қуаныштымын. Өзіміз туып-өскен өңірдің газеті де бізге ыстық қой, сондықтан сұрақтарыңызға əлім келгенше жауап берейін. Мен 1964 жылы 15 желтоқсанда Индер ауданының Жарсуат ауылында дүниеге келдім. Жанұядағы 7 баланың бесіншісімін. Біздің отбасында 6 мұғалім бар. Қазір алды құрметті еңбек демалысында. Ағамыз Жұлдыз Əділбаев – Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетінің түлегі, 2001 жылы дүние салды. Бірнеше ай өткен соң əкеміз де қайтыс болды. Анамыз Сəуле Сағындықова саналы ғұмырын ауылда ұстаздық етуге арнады. Ұзаққа созылған науқастан 2019 жылғы тамызда 89 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Басқаларымыз шүкір, бəрі де жоғары білімді кəсіп иелері. Атырау, НұрСұлтан қалаларында отбасыларымен тұрып жатыр. Ауылда үлкен апам Құндыз бен үйдің кенжесі Қабдыхалық жанұяларымен тұрып жатыр. Жазда демалысқа шыққанда Жарсуатқа баруға асығамыз. Өмірден өткен атаанамыздың, туған-туысқандардың басына барып дұға етіп тұруға тырысамыз.

– Мектепте қандай оқушы болдыңыз? Сабақ үлгеріміңіз жақсы болған шығар?

– Ауылда өзім дүниеге келген жылы салынған Махамбет атындағы орта мектепті бітірдім. Мүмкіндігінше тырысып, жақсы оқуға талпындым.

– Мектепті тəмамдағаннан кейін арманыңыз кім болу еді? Мақсатыңызға жеттіңіз бе?

 – 1982 жылы орт а мектепті бітіргеннен кейін Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетіне емтихан тапсырып, конкурстан өте алмадым. Сосын ауылға келіп, бір жыл от жағушы болып қызмет еттім. 1983-1985 жылдары Кеңес əскері қатарында болып, Иркутск облысының Ангарск қаласында əскери борышымды өтедім. 1985 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, 1990 жылы үздік дипломмен бітірдім. Студенттік ғылыми жұмыстар конкурстарына қ а т ы с ы п , с о н ы ң н ə т и ж е с і н д е университетте Ш.Уəлиханов атындағы арнаулы стипендияның иегері болып, ғылыми ізденіс жұмыстарым үшін Қазақ КСР Ғылым Академиясының алтын медалімен, Мəскеу мемлекеттік жəне ҚазМУ, Қазақ КСР Білім министрлігінің дипломдарымен марапатталдым. 1990 жылы ҚазМУ Ғылыми кеңесінің шешімімен аспирантурада қалдырылып, бұған қосымша университетте оқытушы болдым. Осы жылдары Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы арнаулы əскери мектеп-интернатында да сабақ беріп, ғылыми жұмыстармен айналыстым.

– Шет тілдерінде еркін сөйлейсіз, қ а ш а н ү й р е н д і ң і з ? Ау ы л д а н шыққан балаға қиындық тудырған жоқ па?

– Махамбет атындағы орта мектеп қарапайым ауыл мектебі болса да, білім беру сапасы жағынан ешкімнен қалыспады. Олай дейтін себебім, 25 курстасымның 14-і Алматы қаласының ең таңдаулы мектептерін алтын медалмен бітіргендер болса да, олармен бірге оқу маған аса қиын болған жоқ. Университет бітірген кезде біздің топтан 4 адам ғана үздік диплом алдық, солардың ішінен күндізгі аспирантураға тек мен қалдырылдым. Бұл жерде ерекше атап айтқым келгені біз университетте орыс тілінде оқыдық. Мектепте орыс жəне ағылшын тілдерін оқытқан ұстаздарымның еңбегінің жемісін осыдан-ақ көруге болады деп ойлаймын. Университетте ағылшын тілінен бізге өте білімді оқытушылар сабақ берді, олар сол кездегі Мəскеу, Ленинград қалаларында білім алған ұстаздар болатын. Соның арқасында ағылшын тілін жетік үйреніп, кейіннен Вильнюс университетінен Скандинавия факультетінің швед тілі факультетін бітірдім. Ағылшын, швед тілдерін білемін, жұмысымызда қолданамын. Министрлікте мен басқарған Мемлекеттік Протокол қызметі біздің елге келген шетел Президенттері мен Корольдер, Принц жəне Кронпринцтерінің мемлекеттік, ресми жəне жұмыс сапарларын дайындап, оны өткізумен айналыстық. Бұл – өте қиын да, күрделі жəне жауапты жұмыс. Тек бір министрліктің аумағында емес, Президент Əкімшілігі, Премьер-Министрдің кеңсесі мен бірнеше министрліктер, Республика Президентінің жанындағы Ұлттық гвардия мен Президентті қорғау қызметтерімен бірлесе істелетін жұмыстар. Осы бағытта жеті жылдан астам уақыт қызмет жасап, елге келген көптеген мемлекет басшыларын, Орталық Азияға бірінші рет ресми түрде келген Рим папасы мен БҰҰ басшысы Кофи Аннанның сапарларын өткізгенімді ерекше атап айтсам болады. Бұл, əрине, менің ғана еңбегім емес, көп болып бірлесе атқарылған жұмыстардың жемісі. Осы кезеңде Елбасының, Үкімет басшысы жəне Сыртқы істер министрлерінің шетелдік ре сми сапарларын дайындауға да қатыстық.

– Туған жерді сағынатын кезіңіз бола ма?

– Əрине, өміріңнің көп уақыты шет жерлерде өткен соң, туған ауылыңа деген сағыныш үнемі бірге жүреді. Ауылдың баласы болғаннан кейін, индерлік жерлесім Табылды Досымов айтқандай, Атырауға тауды апармасақ та, таудай ниетіміз ауыл деп бұрып тұрады.

– Өмірлік тəжірибеңізден кейінгі буынға, жастарға не нəрсені өсиет етер едіңіз?

– Сабақты жақсы оқып, білімге құштар болып, көп еңбектенген адам ғана дегеніне жете алады деп ойлаймын. Үнемі ізденісте болып, ерінбеген адам ғана өмірден өз орнын табады, алдына қойған мақсатына жетеді. Бұл – менің жеке ойым.

– Еліміздің алға қойған бағытбағдары туралы ойыңызды, нендей мəселелерге əлі де болса көңіл бөлу керектігі жөнінде айта аласыз ба?

– Қазір халқымыздың тұрмыс жағдайына көп көңіл бөлініп жатыр, түрлі бағдарламалар бар. Ауылдағы жұмыссыздықты жою үшін жұмыс жүргізілуі керек деп ойлаймын. Атырау облысына жұмыс іздеп келушілер көп, сондықтан алдымен жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге қажетті бағдарламалар жүргізілсе, нұр үстіне нұр болар еді.

– Өміріңіздегі естен кетпес, ең қызықты деген оқиғаңызбен бөлісе аласыз ба?

– 2 0 0 9 ж ы л ы А в с т р и я д а дипломатиялық қызметте жүргенде, Италияның астанасы Рим қаласына бардым. Күнде барып жатқан жоқпыз, ақыры келген соң туристер көп баратын Ватикандағы Сикстин капелласына (кішкене шіркеу) баруды жоспарладық. Оған кіру үшін туристер таңғы сағат 5-6-дан бастап кезекке тұрады. Сондықтан түскі уақытта Цюрихтен ұшып келіп, сол капеллаға үлгеру мүмкін еместігін білсем де, тəуекел деп, сол жерге жеттік. Қасымыздағы Елшілік қызметкері уақыттың өтіп кеткенін, одан да басқа жерге баруға ұсыныс бере бастаса да, мен көнбедім. Оның бір себебі, 2001 жылы Астана қаласына ресми сапармен келген Рим папасы Иоанн Павел II «Римге келсең, Сикстин капелласына кел» – деп, мені шақырған болатын. Сағат 15.00-де жабылатын Капеллаға 10 минут қалғанда келгеніміз сол-ақ екен, кіргізуші мені билетсіз ішке енгізіп жіберді. Осы жағдайға əлі күнге дейін таң қаламын. Ал, Рим папасы 2005 жылы ө м і р д е н ө т і п ке т ке н і н ж а қ с ы білесіздер. Капеллаға сол күні кіріп, тамашалағаныма басында сол жердегі дипломаттар сенген жоқ…

– Ə л е м н і ң б і р н е ш е е л і н д е дипломатиялық қызмет еттіңіз. Жұмысыңыздың атап айтар айрықша тұстары көп шығар?..

– Мен қызмет атқарған əр ел өзінше тамаша. Əдемі қалалар, бауырмал адамдар, түрлі əдет-ғұрпы бар халықтар… Б ұ ғ а н қ о с а , С ы р т қ ы і с т е р министрлігінің жүйесінде істей жүріп, көптеген елде қызметтік іссапарда болдым. Бұл да біздің жұмысымыздың бір артықшылығы. Жер, ел көресің, тəжірибе жинайсың, тіл үйренесің…

– Елші болатын адамға қандай қасиет керек? Дипломат болу үшін қандай артықшылықтарға басымдық беріледі?

– Елші болатын адам меніңше өте тəжірибелі болуы керек. Жанжақты, өз елінің тарихын, барған е л д і ң т а р и х ы н , ə д е т – ғ ұ р п ы н , т і л і н , м е м л е ке т т і к қ ұ р ы л ы с ы н білуге міндетті. Жұмысына адал, қызметкерлеріне қамқоршы, жанжақты ізденуші, өз білімін үнемі ж е т і л д і р у ш і , ө з м е м л е к е т і н і ң мүддесі үшін ашық талап қоя алатын, адамдармен тіл табыса алатын, білімді де мəдениетті адам елші бола алады деп ойлаймын… Қазір дипломат гуманитарлық білімге ие, тарих саласында, оның ішінде халықаралық қатынастар мен дипломатияны, жағырапияны, елт анушылық пен құқықт ануды (халықаралық құқық, дипломатиялық жəне консулдық құқықты) терең меңгерген, сонымен бірге діни ілімдерді, хаттама мен этикетті зерделеген тұлға болуы қажет. Кəсіби шеберлігін тиімді пайдаланудың құралы ретінде бірнеше шет тілін меңгеруі шарт. Заманауи дипломат өз білімдарлығын саяс и е с е п т е р д і , с а яси хатт арды дайындау барысында, ақпараттық, ғылыми, мəдени, консулдық жəне қызметкерлер жөнінде есеп беру саласында, мəселелік анықтама, шартты белгілермен жазылатын жеделхаттар жобасын дайындауда, шетелдік қайраткерге қатысты саяси мінездеме жазуда, күнделік пен дипломатиялық сұхбат жазбасын рəсімдеуде, сөйлеу мəтіндерінің жобаларын жəне басқа да құжаттар дайындауда, қабылдаушы елдің сыртқы істер мекемесімен жəне билік органымен байланыс орнатуда, шетелдік əріптестермен іскерлік қарымқатынастарды қалыптастыруда, осы байланыстарды нығайту жəне қолдау көрсетуде айқын танытып, протокол мен этикет ережелерін білуі тиіс. Атырау өңірінен де талай талантты дипломаттар шыққанын айтуға болады. Олардың қатарында Қазақстанның Əзербайжан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі, марқұм Ибрагим Аманғалиев, Қазақстанның Б Ұ Ұ – н ы ң ж а н ы н д а ғ ы т ұ р а қ т ы өкілі болған Мадина Жарбосынова, Қазақстанның Украинадағы елшісі болған Равиль Шырдабаев, басқа да белгілі тұлғалар бар.

– Моңғолиядағы елші қызметіне тағайындалғаныңызға екі жылдай уақыт өтті. Бұл елдің басқа мемлекеттерден артықшылығы неде?

– Моңғолия елінің көп тұстары біздің елге ұқсас. Моңғолдар да көшпенді халық, мал бағады, жері кең, айтатын өлеңдері де дала сарынына ұқсас, негізгі тағамдары да біз сияқты – ет, сүт тағамдары. Көршілері де – Қытай мен Ресей, жері пайдалы қазбаларға бай ел. Тарихы əлемге белгілі, əйгілі Шыңғыс ханның ұрпақтары. Демократиялық ел, өз халқының мүддесін өте жоғары қоятын мемлекет.

– Қазақстан мен Моңғолия арасында қандай басым бағыттар жолға қойылды? Алдағы уақытта тағы нендей жұмыстар күтіп тұр?

– Бұл елде 120 мыңнан астам қандасымыз тұрады. Олар негізінен Баян-Өлгий, Қобда аймақтарында өмір сүреді. Тілдері мен мəдениетін жылдар бойы сақтап, жергілікті өзге ұлт өкілдерімен бейбіт өмір сүріп отырған керейлер мен наймандар. Біздер екі елдің екіжақты қарымқ ат ы н а с ы н , ы н т ы м а қ т а с т ы ғ ы н дамыту мақсатында жұмыс жүргіземіз. Екі елдің арасындағы саудаэкономикалық, мəдени-гуманитарлық қатынастарды жандандырып, сол жерде өмір сүретін Қазақстан азаматтарына, қандастарымызға көмек көрсетеміз.

– Жалғас Жұмаұлы, ол елде Наурыз мерекесі тойлана ма? Қалай аталып өтеді? Елшілік тарапынан қандай шаралар ұйымдастырылады? Осы туралы айтсаңыз.

– Наурыз мерекесі Моңғолияда кеңінен тойланады. Мұнда тұратын қ а з а қ т а р б і р – б і р і м е н к ө р і с і п , қонаққа барып, бүркіт жарысын ұйымдастырады. Ел Президенті мен Үкімет басшылары жергілікті халықты ресми түрде құттықтайды. Биыл пандемия болғандықтан, ел ішінде Наурыз мерекесін кеңінен тойлауға шектеулер болды. Е л ш і л і к т а р а п ы н а н б і з д е р «Жерлестер» тобымен жəне Елшілік жанындағы «Ақсақалдар алқасымен» ке зд е сул е р ө т к і зуд і жо с п а рл ап отырамыз.

– Отбасыңыз туралы бірер сөз. Балаларыңыздың арасында жолыңызды қуған мемлекеттік қызметшілер бар ма?

– Жұбайым жəне екі қызымыз бар. Үлкенім Аяжан Бельгияның Брюссель университетінің студенті, к і ш і қ ы з ы м ы з Ə л и я – м е к т е п оқушысы.

– Алыстағы Атырау халқына, қ а з а қ х а л қ ы н а т і л е г і ң і з д і білдірсеңіз.

– Атырау халқына денсаулық тілеймін. Пандемия кезінде денсаулықтың қадірін жете сезіндік қой… Б е й б і т ө м і р м е н а м а н д ы қ , тату-тəтті өмір сүріп, бір-бірін қадірлеп, өмірдің өткінші екенін үнемі есте сақтау керек. Себебі, ке ш е г і і н д е т у ш ы қ қ а н д а т а л а й асыл азаматтарымыздан айырылып қалдық, тіпті көңіл айтуға да жағдай болған жоқ…

– Сұхбатыңызға бек рахмет! Екі ел арасын елдестіріп, егемендігіміздің тұрлаулы болуына аянбай қызмет ете беруіңізге тілектеспіз.

– Рахмет. Сіздің ұжымға да шығармашылық шабыт тілеймін!

Алмас ҚАБДОЛОВ

img 20210409 wa0002 1
  • ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

ТУҒАН КҮНІ:

1964 ЖЫЛЫ 15 ЖЕЛТОҚСАН ТУҒАН ЖЕРІ: ҚАЗАҚСТАН, ГУРЬЕВ ОБЛЫСЫ, ИНДЕР АУДАНЫ, ЖАРСУАТ СЕЛОСЫ

МЕҢГЕРГЕН ТІЛДЕРІ:

АҒЫЛШЫН, ШВЕД ТІЛДЕРІ

БІЛІМІ:

– С . М . К И Р О В А Т Ы Н Д А Ғ Ы Қ А З А Қ М Е М Л Е К Е Т Т І К УНИВЕРСИТЕТІ (ҮЗДІК БІТІРГЕН)

МАМАНДЫҒЫ:

«ТАРИХШЫ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ПӘНДЕР ОҚЫТУШЫСЫ» – ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АСПИРАНТУРАСЫ PHD ДОКТОР

img 20210409 wa0004

МАНСАП:

– МЕМЛЕКЕТТІК ПРОТОКОЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ (1997-2000);

– ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК ПРОТОКОЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ (2000-2004);

– ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛИТВА РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ КЕҢЕСШІСІ (2004-2008);

– ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВСТРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ КЕҢЕСШІ-УӘКІЛІ (2008-2009);

– ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГОРГАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ (ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ) БАС КОНСУЛЫ (2009-2010);

– ҚР СІМ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ (2010-2011);

– ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕЛШІСІ (2011-2015);

– ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРМЕНИЯДАҒЫ ЕЛШІЛІГІНІҢ КЕҢЕСШІ-УӘКІЛІ (2015-2017);

– ҚР СІМ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕЛШІСІ (2017-2019);

– ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ (2019 ЖЫЛҒЫ 15 ТАМЫЗДАН). ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ РАНГІ: II СЫНЫПТЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ КЕҢЕСШІ (2015) «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

img 20210409 wa0005 1
img 20210409 wa0000
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз