Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда 24 жасар жігіттен үш мыңнан астам доза синтетикалық есірткі тәркіленді (+ ВИДЕО)

«Оқиға 29 наурызда болған» деп хабарлайды Atr.kz

Атырау облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралар барысында 24 жастағы Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

Атырау қаласының Гайдар көшесінде жалдаған  пәтерін тінту кезінде жалпы салмағы 1 килограмм синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркелді -деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Айта кетейік, аталған қылмыс үшін қолданыстағы заңнамада 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі таңда күдікті Атырау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button