Атырауда 21 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр
28 тамыз күні қала әкімі Шәкір Кейкіннің төрағалығымен Абай орталығында 100-ге жуық тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жиын өткізілді, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала әкімі тұрғын үй мәселесі бойынша жеке қабылдауда кезекте тұрған тұрғындарды жинап, әр тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, баспана тұрғын үй қатынастары заңына сәйкес өз кезегімен берілетінін баса айтты.
Сонымен қатар, көптің көкейінде жүрген Талқайран елді мекеніндегі, Береке ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталып, қолданысқа берілуі жоспарлануда екенін атап өтті.
Жиын барысында қала әкімі тұрғындар тарапынан қойылған әр сауалға жеке тоқтап, көтерілген мәселеге байланысты жауапты сала басшылары мен орынбасарларына жеке тапсырмалар беріп, барлық қойылған сұрақтарға аса мән беруді тапсырды.
Айта кетейік, қазіргі таңда 21 104 адам тұрғын үй кезегіне тіркелген.