Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 2 мыңға жуық бала тұмауға қарсы екпе алды

Өңірде 15 қыркүйекте басталған тұмауға қарсы вакцинация жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы Атырау облысы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдің штаттан тыс педиатры Дина Камелова айтты. Спикердің айтуынша, тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын адамдардың қатарына 187 760 адам кірді. Оларға 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және диспансерлік есепте тұрған облыс тұрғындары жатады.

— Осы саннан тұмаудан 11 120 адам екпе алды, оның 1774 — і бала, оның 77% — ы 5 пен 14 жас аралығындағы балалар, — деді Дина Камелова.

Айта кетейік, тұмауға қарсы вакцинациямен қатар балалар мен жаңа туған нәрестелерді туберкулезге қарсы егу жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 9 айында 17 735 бала екпе алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button