Атырауда 181 адам «Халық алғысын» иеленді (+ФОТО, ВИДЕО)

whatsapp image 2020 06 23 at 20.37.48 2 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/24 маусым, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бір топ атыраулықты онлайн өткен «Biz Birgemiz» республикалық форумы аясында «Халық алғысы» медалімен марапаттады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы, сондай-ақ, пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін аталған марапат берілді.

whatsapp image 2020 06 23 at 20.37.48 3
whatsapp image 2020 06 23 at 20.37.48
whatsapp image 2020 06 23 at 20.37.48 1

Облыс басшысының қолынан Азаматтық белсенді Гүлназ Қосмурзиева, облыстық балалар стоматологиялық емханасының эпидемиолог-дәрігері Гүлжамал Таубаева, Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Бағытжан Исаев, облыстық №2 ауруханасының дәрігер-инфекционисі Жантөре Орысбаева мен Qazaqstan Ұлттық арнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі Жандос Темірғалиев сынды он адам «Халық алғысын» алды.

Өз кезегінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов олардың жасаған еңбектерін атап өтіп, алғысын білдірді. Сондай-ақ бірлік пен азаматтардың бір-біріне деген жанашырлығының арқасында қиындықтың оңай еңсерілетіндігіне тоқталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз