10487058

«Демократиялық партия» жетекшілері қамауға алынды

Жаңалықтар Саясат

Atr.kz/22 ақпан, 2020 жыл. Алматы облысында «Демократиялық партия» бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мамай мен оның «партияласы» Жанбол Рахматулла азаматтарды рұқсат етілмеген митингіге шығуға шақырған.

Белсенділерді Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасының қызметкерлері ұстады.

Мамай мен Рахматуллаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабының үшінші бөлігі (бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан заңнамасын қайта бұзу) бойынша айып тағылуда.

Қарасай аудандық сотының шешімімен Жанболат Мамай үш тәулікке, Жанбол Рахматулла 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Жанболат Мамай туралы не білеміз

Журналист Жанболат Мамай – «Демократиялық партия» бастамашыл тобының жетекшісі. 2017 жылдың қыркүйегінде оған қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әблязовтың ақшасын заңдастырды деген айып тағылған. Сот оны екі жыл және бес айға бас бостандығын шектеу, мүлкін тәркілеу, үш жыл мерзімге журналистік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасына кесті.

Жанбол Рахматулла

Жанбол Рахматулла – Демократиялық партияның мүшесі. Желіде өзін әлеуметтік белсенді ақын және саясаттанушы ретінде көрсетеді.

Тағы оқыңыз:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған