Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда 15 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 5 айда 3 560,3 млн. теңгенің қаржы бұзушылығын анықтады. Аталған департамент басшысы Мәулен Мүтиевтың айтуынша, оның ішінде рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 3 263,2 млн. теңгені, қаржылық бұзушылықтар 297,1 млн.теңгені құраған. Электронды аудит арқылы, оның ішінде 13 аудиторлық іс-шара аясында 75,8 млн. теңгенің рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары белгілі болған.
-Осы уақыт аралығында департаментке 1105 өтініш түсіп, уақытылы тиісті жауаптары берілді. Есепті кезеңде камералдық бақылау арқылы жалпы сомасы 422938.7 млн. теңгенің 7707 мемлекеттік сатып алулары қамтылды. Нәтижесінде 2289 мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталып, хабарламалар толықтай орындалды, — дейді Мәулен Асқарұлы.
Аудиттық іс-шаралар кезінде лауазымды және заңды тұлғаларға 235 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, жалпы сомасы 19,1 млн. теңгенің әкімшілік айыппұлы салынған. Оның ішінде 14,2 млн. теңгесі бюджетке өндірілген. Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы аудит объектілеріне нұсқамалар жолданып, қорытындысында 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button