Жаңалықтар

Атырауда 144 өрт оқиғасы тіркелді

Атырау облысында жыл басынан бері 144 өрт оқиғасы орын алды.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, өрттің басым бөлігінің негізгі себептері электр құралдарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу бойынша тіркеліп, бүгінде бұл жағдай негізінде 81 оқиға орын алған. Сондай-ақ отты абайсыз қолдану салдарынан — 19, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша — 4, балалардың отпен ойнауынан 3 жағдай болған.

Мұндай қауіптің алдын алу бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының, қалалық басқарма қызметкерлері бірлесіп, кезекті профилактикалық іс-шара барысында Атырау қаласындағы Перетаска ауылын аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Сала мамандарының айтуынша, мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта жалғаса береді. Бұл тұста тұрғындардың да қауіпсіздікті сақтауға бейжай қарамағаны жөн.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button